«AZIMUT» тобындағы машиналар

Аэродинамикалық астық тазартқыш машиналар

Қолданылуы

«AZIMUT» тобындағы машиналар, бұл:
  • Әр түрлі қоқымдардан және қоспалардан дәнді-дақылдарды бастапқы тазарту
  • Ауыл шаруашылық дақылдарының кез келген тұқымынан меншікті салмағы мен мөлшеріне қарай сапалы тұқым материалын алу
Егер Сізде «AZIMUT» машинасы бар болса, онда Сіз астықты өздігінен тазартып қана қоймай, сонымен бірге өзіңіздің: бидай, арпа, жасымық, күнбағыс, жүгері, асбұршақ, ноқат, соя, құмай, зире, қарақұмық, рапс, жоңышқа, зығыр, кориандр, көкөністі және бұршақты дақылдардың тұқымдары, көпжылдық шөптер мен дәрілік өсімдіктердің тұқымдары секілді сапалы тұқымдарыңызды алуыңызға болады.

Одан бөлек, «AZIMUT» машиналары өлшемі 0,1 мм-ден 10 мм-ге дейін бөлшектері бар кез келген құрғақ, сусымалы материалдарды/түйіршіктерді фракциялар бойынша бөлу үшін қолданылу мүмкін.
«AZIMUT» машиналарының айқын сипаты – машиналар астықты зақымдамайды!
Машинаның ішіндегі астықпен болып жатқан жұмыстың толық үрдісі әр астықты тазарту кезінде ауа ағынымен өтіп бара жатқанда машинаның бөліктеріне соғылмайтындай етіп жасалған және әзірленген, бұл осыған ұқсас машиналармен салыстырғанда мұндай машиналардың ауа жылдамдығы 2,5 есеге төмен екендігін көрсетеді.

Бұл ретте ауа ағынын ерекше құрудың салдарынан машинаның өнімділігі түсіп кеткен жоқ.

Астық тазартқыш машиналарға тиеуден бастап астық тазартқыш машинадан жүк машинасына немесе қоймаға тиеуді қосқанда, тазартуға, түсіруге дейін астықтың жылжуындағы барлық кезеңдерінде астықты зақымданудан қорғау қарастырылған.

«AZIMUT» машиналарының өздігінен жүретін әрі осы опциялардың барлық тізімі енгізілген түрі бар.
Яғни «AZIMUT» машинасы арқылы 1 тонна астықты өткізгендегі максималды көлемдегі зақымдалуы мүмкін астық – 1 кг аспайды!!!

Машиналар тұқымдарды алумен ғана емес, сонымен бірге бастапқы тазарту кезінде астықтың зақымдануы 0,5% аспайтындығымен ерекшеленеді.

Жұмыстың сипаттамасы:

«AZIMUT» сериясындағы астық тазартқыш машиналарда ауа ағынын өзгеше етіп құрудың арқасында астықтарды алғашқы тазарту және бір уақытта астықтың тұқымдық фракциялар бойынша бөлінуі жүріп отырады.

Астық тазарту кешенінде де, қырманда/ангарда да тазартылған астықты алу қағидасы қарапайым: астық «AZIMUT»-қа (мысалы, ақырын жүретін Нория арқылы) және бір жүріп өту үшін жүктеледі:
  • Шаңнан үрлеп тазартылады,
  • Ауыр, соғылған және жеңіл (бос) болып бөлінеді
  • Жармадан бөлінеді
  • Қоқымнан және өзге түрінен бөлінеді
  • Басқа да ұсақ және ірі қоспалардан, соның ішінде тастардан және металдардан бөлінеді
  • Тұқым алу режимінде тағы тұқымға және басқа астық түріне бөлінеді
95%-ға тазартылады
«AZIMUT» машиналары астықты қоқымдардан және қоспалардан 95 %-ға дейін тазартады.

5 %
Қалған 5% қоқым (ірі және ауыр) елеуіштің көмегімен «ZHUZHA» вибромашинасында астықтан бөлінеді.

шығын 3,5 кВт
Бұл ретте энергия шығыны 3,5 кВт аспайды.
(NST-5.5м +AZIMUT 10/20 т/ч)
«AZIMUT» - астық тазартқыш кешенге орнатуға дайын базалық модель.
Тұқым сапасының көрсеткіштерін жақсартатын және машиналармен жұмыс істеу ыңғайлылығын толық автоматтандыруға дейін апаратын көптеген қосымша опциялар бар. Оның ішінде –машиналардың жұмысын онлайн режимде бақылау.

Техникалық сипаттамалары

Жеткізу мерзімі
Қоймада бар болса немесе төлем жасалған сәттен бастап максимум 7-10 жұмыс күнінде
Қосымша опциялар:

Сіздің қалауыңыз бойынша біздің барлық машиналарға қосымша аспалы жабдықты (опциялар) - машиналардың жұмысын қолмен және электрондық басқару, қосымша механизмдер және тағы басқа орнатуға мүмкіндік бар.
Опциялар машиналардың мүмкіндіктері мен тиімділігін айтарлықтай жоғарылата түседі және анағұрлым сапалы тұқым алуға, сондай-ақ астықты өңдеу үрдісін ішінара немесе толық автоматтандыруға (соның ішінде астық тазарту кешеніне) мүмкіндік береді.

Машиналарға орнатуға болады:
  • Қаптарды тез және ыңғайлы бекітуді, сондай-ақ оларды алуды қамтамасыз ететін қап ұстағыштарды,
  • Төмен және жоғары келген жылжымалы платформаны (машиналарды жылжыту үшін),
  • Өздігінен жүретін автоматты шассиді (ангарларда жұмыс істеу үшін), бұл ретте машиналар астықты өзіне (бункерге) тиеуге және машинадан фракциялар бойынша не машинаға, не білік бойынша түсіруге арналған жабдықпен (Тапсырыс берушінің қалауы бойынша) ілінеді,
  • Машиналардың өздігінен жүретін түрін толық автоматтандыру,
  • Электр қалқаны бар машиналарды электрондық түрде және онлайн режимінде (қашықтықтан) басқару,
  • Тұқым сапасын арттыруға арналған (астықты қайта жеткізу үшін) тасымалдағыш,
  • Тиеу кезінде бункерлердің деңгейін автоматты реттеу,
  • және тағы да басқа.

Машинаны «дербес» және автономды ететін және кадр жетіспеушілігін шешетін электроника.
Электроника пайдаланушыға қашықтықтан машина жұмысын талдауға/басқаруға (онлайн режимінде – планшетте, компьютерде), өңделген салмақтың, жұмыс сағатының, астық сапасының және тағы басқа талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
Машиналарға тапсырыс беру
Телефон бойынша бізге қоңырау шалуға болады
+7 86342 3-59-86, +7 86342 3-59-58
немесе форманы толтырыңыз, ал біз Сізге қайта қоңырау шаламыз
Біздің басқа машиналарымыз:

Виброіріктеу
«ZHUZHA» тобындағы вибромашиналар

«ZHUZHA» тобындағы машиналар мына жағдайда:
  • астықтың мөлшеріне қарай іріктеу үшін.
  • қоспалардан және қоқымдардан астықтарды тазарту үшін қолданылады.

Берілген машина мөлшеріне қарай астықты/бұршақты/түйіршікті іріктеу үшін қолданылу мүмкін және астық тазартқыш кешенде, ұн тарту және құрамажем зауыттарында, технологиялық желілерде қолданылу мүмкін.


Нория
Тұқымдық ақырын жүрісті NTS 10-60 т/сағ нориясы

Ақырын жүрісті ҚТТ нориясы мына жағдайда:
  • Астықты және басқа сусымалы материалдарды жоғары көтеру үшін, 3 м-ден 18 м-ге дейін және одан жоғары биіктікте тұрған бункер ыдысына тиеу үшін қолданылады
  • Бұл ретте астық материалдары зақымданбайды.
Бункерлерге тиеу кезінде норияда астық деңгейін автоматты түрде реттеу ұтымды қарастырылған.
© 2020 АЗОВСЕЛЬМАШ
Астықты тазартуға және іріктеуге арналған машиналар

Change site language