Тұқымдық ақырын жүрісті нория
NTS (5т-60т/сағ)

Қолданылуы

Ақырын жүрісті NTS нориясы мынадай жағдайда:
  • астықты және басқа сусымалы материалдарды жоғары көтеру үшін, 3 м-ден 18 м-ге дейін және одан жоғары биіктікте тұрған бункер ыдысқа тиеу үшін қолданылады,
  • Бұл ретте астық материалдары зақымданбайды.
Бункерлерге тиеу кезінде норияда астық деңгейін автоматты түрде реттеу ұтымды қарастырылған.

Жұмыстың сипаттамасы:

«NTS» ерекшелігіне астықтарға ұқыппен қарау кіреді, өйткені «NTS» жұмыс кезінде астық зақымдалмайды.
Шөміштердің қозғалыс жылдамдығын төмендетудің, олардың ерекше құрылымының және астықты нориядан түсіру ерекшелігінің арқасында астықтың сақталып отыруына қол жеткізеді.

«NTS» нориясының ерекшелігі өнімділікті (базада) реттеу мүмкіндігі және бункермен/ыдыспен тиеу жылдамдығына ыңғайлау болып табылады.
Бункерлердің толып кетуінен қорғау, тиеу кезінде бункерлердегі астық деңгейін автоматты реттеу опционалды түрде орнатылады.

Бұл ретте, «NTS»-ті жылдам тиеу кезінде де қолдануға болады, осы тұрғыда норияның өнімділігі екі және одан да көп есеге артатын болады.

NTS (5т-60т/сағ) норияларын қолданудың ерекшеліктері:

  • сусымалы материалдарды беру жылдамдығын реттеу,
  • сусымалы материалдарды жоғары биіктікке тасымалдау мүмкіндігі,
  • аздаған энергия шығындары,
  • құрылғының ықшамдығы,
  • астық немесе түйіршіктерді ұсақтамай және зақымдамай ұқыппен жылжытып отыру;
  • ақырын жүрісті нориялардың барабан остері өзін-өзі орталықтандыратын роликті мойынтіректерді қолданумен бекітілген,
  • лентаның бұрандалы тарту механизмі беріктіктің жоғары класына ие;
  • технологиялық үрдісті механикаландырудың жоғары деңгейі нориямен қызмет көрсететін персонал санының аз болуын қамтамасыз етеді,
  • норияның құрылымы тұқымдарды тазарту және өңдеу бойынша технологиялық желілерде оңай қолданылуын, ангарлар мен элеваторлар жағдайында, жабық немесе ашық қырмандарда пайдаланылуын қамтамасыз етеді,
  • құрылым күрделі және шығынды монтаждау жұмыстарын орындамай, норияны тез монтаждауды қамтамасыз етеді, жер және бетон жұмыстарын орындауды және қосымша құрылымдарды (9 м-ге дейін) монтаждауды талап етпейді,
  • сенімді және бұзылмайтын құрылым, ленталардың, мойынтіректердің аздап тозуы,
  • «AZIMUT» және «ZHUZHA» машиналарымен электрондық түйіндестіру. (бункерлерде авто деңгейді қолдау),
  • жұмыс істеудің және машинамен қызмет көрсетудің оңайлығы.

Техникалық сипаттамалары

Жеткізу мерзімі
Қоймада бар болса немесе төлем жасалған сәттен бастап максимум 7-10 жұмыс күнінде
Машиналарға тапсырыс беру
Телефон бойынша бізге қоңырау шалуға болады
+7 86342 3-59-86, +7 86342 3-59-58
немесе форманы толтырыңыз, ал біз Сізге қайта қоңырау шаламыз
Біздің басқа машиналарымыз:
Астық тазартқыш
«AZIMUT» тобындағы аэродинамикалық машиналар

«AZIMUT» тобындағы машиналар, бұл:

  • Әр түрлі қоқымдардан және қоспалардан дәнді-дақылдарды бастапқы тазарту.
  • Ауыл шаруашылық дақылдарының кез келген тұқымын меншікті салмағы мен мөлшеріне қарай сапалы тұқым материалын алу.

Егер Сізде «AZIMUT» машинасы бар болса, онда Сіз астықты өздігінен тазартып қана қоймай, сонымен бірге өзіңіздің сапалы тұқымдарыңызды алуыңызға болады.

Виброіріктеу
«ZHUZHA» тобындағы вибромашиналар

«ZHUZHA» тобындағы машиналар мына жағдайда:
  • астықтың мөлшеріне қарай іріктеу үшін.
  • қоспалардан және қоқымдардан астықтарды тазарту үшін қолданылады.

Берілген машина мөлшеріне қарай астықты/бұршақты/түйіршікті іріктеу үшін қолданылу мүмкін және астық тазартқыш кешенде, ұн тарту және құрамажем зауыттарында, технологиялық желілерде қолданылу мүмкін.
© 2020 АЗОВСЕЛЬМАШ
Астықты тазартуға және іріктеуге арналған машиналар

Change site language